BIM енгізу

Building Information Modeling немесе ғимараттарды ақпараттық модельдеу жобалаудан бөлшектеуге дейінгі ғимараттың тұрғызылу циклінің барлық кезеңдерін қамтиды. Мұндай модель барлық ұсақ-түйектерді ескереді және ғимараттың жоспары мен 3D модельдерінен басқа, құрылымдардың қаңқасының сипаттамаларын, олардың тозуы мен құнын әр кезде ескереді.

BIM бір ақпараттық кеңістікте нысанның қолдану ыңғайлылығы мен құнына әсер ететін негізгі құрылыс конструкциялары, жабдықтар, инженерлік желілер және басқа параметрлер туралы көптеген мәліметтерді біріктіреді. Нәтижесінде, бір құрылымды немесе элементті ауыстырған кезде – мысалы, 2 камералы қос қабатты терезені 3 камералыққа алмастырғанда сіз жылу есептеулеріндегі өзгерістерді, ғимараттың құны мен пайдалану мерзімін бірден көресіз.

BIM-жоба құру ғимарат тұжырымдамасын әзірлеу сатысында басталады және әр кезеңде модельдердің ғимараттың сәулеті, байланыс желілері, жабдықтар, үй-жайларды әрлеу секілді жаңа мәліметтерін қосып отырады. Нысанды пайдалануға бергеннен кейін модель ғимараттың тозуын көрнекі көру үшін сервистік жұмыстар, жөндеу және қайта құру туралы мәліметтерді енгізе алатын басқарушы компанияға беріледі.

BIM датчиктердегі ақпаратты ескере отырып, жабдықтың дұрыс жұмыс істемей қалғаны немесе құрылымдағы жүктемелердің артуы туралы  белгі беріп қауіпсіздік жүйелерін басқаруы мүмкін.

Біздің қызметкерлер BIM-жүйелерін іске қосудың барлық қажетті кезеңдерін атқарады және ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін оларды иесіне тапсырады.

Ғимараттың барлық параметрлерін ескеретін, яғни техникалық, экономикалық және пайдалануға беретін  мұндай күрделі жүйелер шешім қабылдау уақытын қысқартады, дайын деректерді ұсынады, соның негізінде нақты іс-қимыл жоспарын таңдау оңайырақ. Сіз материалдарды неғұрлым берік түріне алмастыра аласыз және ғимараттың қызмет ету мерзімі қалай өзгеретінін көре аласыз немесе жөндеу жұмыстарын нормативте көрсетілгеніне қарағанда жиі жоспарлай аласыз және пайдалы қызмет уақытын бірнеше жылға ұзарта аласыз.

Неге біз?

Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірінші санаты лицензиясы

Екінші санатты жобалау лицензиясы

20 жылдың ішінде 200 нысан

Сіздің бюджетіңіздегі жобалар

Біз жобалық құжаттама мәселелерімен айналысамыз

Біздің Клиенттер

Біздің клиент болыңыз

Компанияның абыройын асыратын – жұмыс нәтижесіне көңілі толған клиенттер. CVL компаниясы әр әріптесімен мақтанып, құрылысын жүргізген әр нысанын есінен шығармайды. Әр жобаға жауапкершілікпен қарамауымызға риза болған клиенттер ғана емес сенімді достар да сеп болуда. Олармен қандай жобаны қолға алсақ да ұятқа қалмайтымызға сенімдіміз.

logo-footer
Бізге жазыңыз
Made in NURAK