Қолайлы құрылымы, сәулеті мен сәні келіскен, біркелкі, әрі аумағының әр бұрышын пайдалануға болатын тұрғын үй кешендерін салу – кірісі жоба тұжырымдамасы мен жүзеге асыру стратегиясына байланысты болып келетін девелопмент бағыты.
Жобалау барылысында тұрғын үйдің қандай санатта болатыны, қаншалықты инвестиция құю керектігі, дайын болған кезде қалай басқару керектігі секілді барлық негізі көрсеткіштер ескеріледі.
Бастапқы параметрлер анықталғаннан кейін ғана жобаның жұмыс тұжырымдамасы жасалады, онда болашақ тұрғын үй санаты – эконом, бизнес немесе одан жоғары – техникалық және сәулет түрлері мен түсуі мүмкін пайда ескеріледі. Тұжырымдамада инвесторларды қызықтыру және оларды жобаға қатысуға тарту үшін егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
Бұл кезеңде айқындап алатын дүниелер:
Жобалаудан басқа, девелопмент көптеген кезеңдерді қамтиды: мердігерлер мен жеткізушілерді таңдау, құрылыс, монтаждау және әрлеу жұмысы барысын бақылау, құжаттарды рәсімдеу, құрылыс нәтижелерін басқару және ғимараттарды одан кейінгі пайдалану. Әрбір кезең инвестор үшін максимал пайда келтіру үшін, жылжымайтын мүлік девелопментімен тәжірибелі, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді тез және тиімді шеше алатын мамандар айналысуы керек.
CVL Construction командасы жобаның бастапқы мақсаттарын, нарықтың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тұрғын үй кешендерін жобалайды, тұрғызады және әрі қарай басқаруға береді. Біздің клиенттеріміз егжей-тегжейлі есеп ала алады және барлық кезеңдерде жобаның өтелуін қадағалай алады, түзетулер енгізіп, әрі қарай маркетингтік стратегияны жоспарлай алады.
Біз тек өзімізге сенімді жеткізушілермен және мердігерлермен жұмыс істейміз және құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық кезеңдерін, сондай-ақ құжаттар мен рұқсаттардың орындалуын қадағалаймыз және нысандар пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын үйлер мен коммуникацияларды басқаруды ұйымдастырамыз.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірінші санаты лицензиясы
Екінші санатты жобалау лицензиясы
20 жылдың ішінде 200 нысан
Сіздің бюджетіңіздегі жобалар
Біз жобалық құжаттама мәселелерімен айналысамыз
Компанияның абыройын асыратын – жұмыс нәтижесіне көңілі толған клиенттер. CVL компаниясы әр әріптесімен мақтанып, құрылысын жүргізген әр нысанын есінен шығармайды. Әр жобаға жауапкершілікпен қарамауымызға риза болған клиенттер ғана емес сенімді достар да сеп болуда. Олармен қандай жобаны қолға алсақ да ұятқа қалмайтымызға сенімдіміз.
Девелоперлік және құрылыс жобаларын кешенді басқару
Коммерциялық жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды басқару
Салынып жатқан және құрылысы аяқталған активтерді басқару
Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық аудиті
Жобаларды жүзеге асыру құнын бағамдау
Техникалық Тапсырыс берушінің функциялары
Тұрғын үй салу технологиялары мен өлшемдері