Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық аудиті

Техникалық аудит ілеспе құжаттардағы қолдан кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды анықтайды, оларды жою қауіпсіз пайдалануға кепілдік береді және ғимаратты одан әрі басқаруды, жөндеуді, қайта құруды және сатуды жеңілдетеді.

Ғимараттарда жұмыс жасамас бұрын құрылымдар мен инженерлік желілер элементтерінің техникалық жағдайын бағалау қажет. Бұл белгісіз құрылысшы салған немесе толық техникалық құжаттамасыз нысандар үшін де, көптеген жылдар бойы әртүрлі үшінші тарап ұйымдарының басқаруымен болған ғимараттар үшін де қажет.

CVL Construction атынан техникалық аудит дегеніміз:

  • Материалдар мен конструкциялардың сапасын тексеру және бағалау;
  • Жобалық шешімдерді бағалау;
  • Заңды құжаттарды тексеру, олардың нақты нысанға сәйкестігі;
  • Контрагенттермен және ресурстармен жабдықтаушы компаниялармен жасалған шарттарға талдау жасау;
  • Бұрын жүргізілген жұмыстардың сапасын бағалау;
  • Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша жекелеген элементтер мен конструкцияларды ауыстыру немесе жөндеу бойынша ұсынымдар;
  • Ғимараттың техникалық жағдайы және құжаттаманың нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы кешенді қорытынды.

Аудит әлсіз тұстар мен кемшіліктерді көрсетеді. Оларды түзету біздің клиенттерімізге ғимараттың жұмыс жағдайын сақтау үшін кететін қаржылай және жұмыс ресурстарын үнемдейді. Өндірістік кешендер үшін техникалық жағдайды бағалау – күрделі және қауіпті нысандарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және айыппұл арқалап қалмауға мүмкіндік береді.

Біз Тапсырыс берушінің тілектерін ескере отырып, бастапқы күйіне және жоспарланған пайдалануға байланысты әр ғимарат пен кешен үшін шешімдер ұсынамыз. Параметрлерді сақтай, жақсарта немесе сату алдындағы дайындықтарын жасай отырып нысандар үшін әртүрлі қаржылық модельдерді есептеу мүмкіндігі бар.

Неге біз?

Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірінші санаты лицензиясы

Екінші санатты жобалау лицензиясы

20 жылдың ішінде 200 нысан

Сіздің бюджетіңіздегі жобалар

Біз жобалық құжаттама мәселелерімен айналысамыз

Біздің Клиенттер

Біздің клиент болыңыз

Компанияның абыройын асыратын – жұмыс нәтижесіне көңілі толған клиенттер. CVL компаниясы әр әріптесімен мақтанып, құрылысын жүргізген әр нысанын есінен шығармайды. Әр жобаға жауапкершілікпен қарамауымызға риза болған клиенттер ғана емес сенімді достар да сеп болуда. Олармен қандай жобаны қолға алсақ да ұятқа қалмайтымызға сенімдіміз.

logo-footer
Бізге жазыңыз
Made in NURAK