Өндірістік құрылыс

Өндірістік нысандар құрылысы оның қай мақсатта пайдаланылатынына қарамастан арнайы назар аударып, жекелей қолға алуды талап етеді. Қоймалар, өндіріс ғимараттары мен күнделі өнеркәсіп кешендері тек беріктік пен экологиялық жағынан таза болуды ғана талап етпейді. Бұл – әр ұсақ-түйегі өнімділікке әсерін тигізетін күрделі жүйе: құралдар мен ғимарат ішінің ыңғайлы болуы, транспорт пен техника кіріп-шығуға қолайлылығы, қорғаныш қабаттары мен құралдары болуы секілді көптеген факторлар жиынтығы.

Әсіресе инженерлік жүйелерге баса назар аударылады. Себебі барлық кешеннің өнімділігі  олардың беріктігі мен қарапайымдығына  тікелей байланысты болып келеді. Ал пайдалану барысындағы шығындар – шығаратын өнім мен қызмет бағасына, өзін-өзін ақтауына әсер етеді.

Көлемі мен күрделілігіне қарамастан, Клиенттің тапсырмасын ескере отырып, әр нысан жұмысына жекелей назар аударамыз, шешім қабылдаймыз. Сондай-ақ өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ғана емес қоршаған орта мен жақын маңдағы қала, елді мекендердің қауіпсіздігіне нұқсан келмейтіндей қауіпсіздік сақтап, беріктікке мән береміз.

Шығындарды азайтып, құрылыс уақытын қысқарту үшін CVL компаниясы  жобаны әзірлеуден бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі қызметтердің барлық циклын ұсынады.

Біздің мамандар ұсынатын қызмет түрлері:

  • Таңдалған жер телімінде орналасуын және қолжетімді инженерлік желілерді пайдалануды ескере отырып, жоба дайындайды;
  • Материалдар мен жұмыстар сметасын шығарады;
  • Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың кезеңдік жоспарын жасайды;
  • Жобалар мен жұмысты қадағалау органдарына мақұлдатады;
  • Құрылыс және әрлеу материалдарының сенімді жеткізушілерін таңдайды;
  • Құрылыстың барлық кезеңін келісілген мерзімде орындайды.

Сізге тек нысанды қабылдап, өндірісті іске қосу ғана қалады.

Біз әр кезеңнің орындалу барысына түсінікті әрі ашық түрде есеп береміз. Нысан басындағы әр қызметкердің қауіпсіздігін қадағалаймыз. Бұл –  аяқ асты болатын форс-мажор жағдайлар кезіндегі уақыт жоғалту мен шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді. Соның арқасында технологиялық жағынан ең күрделі болып саналатын жұмыс алаңдарында да құрылыс-монтаж жұмыстарының сапалы болып бітуіне кепілдік береміз.

Қойылған міндеттерге байланысты жобаны құрылыстың ең аз мерзіміне лайықтап оңтайландыруға немесе жоспарланған бюджеттен аспайтын етіп шығындарды оңтайландыруға болады. Ынтымақтастық пен коммуникацияның осы және  басқа да мәселелерін біз жобаны қолға алмай тұрып талқылаймыз. Сөйтіп біздің команда Сіздің әр талабыңызға орай тиімді шешімдер ұсына алады.

Неге біз?

Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірінші санаты лицензиясы

Екінші санатты жобалау лицензиясы

20 жылдың ішінде 200 нысан

Сіздің бюджетіңіздегі жобалар

Біз жобалық құжаттама мәселелерімен айналысамыз

Біздің Клиенттер

Біздің клиент болыңыз

Компанияның абыройын асыратын – жұмыс нәтижесіне көңілі толған клиенттер. CVL компаниясы әр әріптесімен мақтанып, құрылысын жүргізген әр нысанын есінен шығармайды. Әр жобаға жауапкершілікпен қарамауымызға риза болған клиенттер ғана емес сенімді достар да сеп болуда. Олармен қандай жобаны қолға алсақ да ұятқа қалмайтымызға сенімдіміз.

logo-footer
Бізге жазыңыз
Made in NURAK