Сауда алаңдарын салу мен жұмыс істеп тұрған сауда алаңдарын қайта құрылымдау – девелопмент жұмысының тағы бір бағыты. Бұл салада біздің компания қоржынында сәтті аяқталған түрлі күрделі кейстер көп жинақталған.
Сауда алаңының мақсатына, көлік бағыттарына қолжетімдігіне және өтімділігіне байланысты біз клиентке қазіргі жағдайда тиімді тұжырымдамаларды ұсынамыз. Сауда орталығының жобалық ауданы, әрлеу сапасы және болашақта кеңейту мүмкіндігі бастапқы параметрлерге байланысты болып келеді.
Нысанның коммерциялық және сәулет тұжырымдамасын жасамас бұрын, біздің мамандар құрылыстың болжамды орнын қарап, техникалық мүмкіндіктер мен экономикалық алғышарттарын бағалайды, содан кейін жобалық шешімдерді ұсынады. Жоба мен есептеулер көрнекі түрде ұсынылады, оларды инвесторлар үшін коммерциялық ұсыныстарға қосуға болады.
Жоба бекітілгеннен кейін біз қажетті рұқсат құжаттарын жинаймыз, жеткізушілер мен мердігерлерді таңдаймыз. Әр кезеңдегі жұмыстың орындалуын бақылау – конструкциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне қатысты тәуекелдерді болдырмауға, сонымен қатар клиентке аяқталған кезеңдер туралы тұрақты, егжей-тегжейлі есеп беруге мүмкіндік береді.
Маңызды параметрлердің бірі – құрылыс алаңындағы қауіпсіздік. Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау бізге барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындауға кепілдік беруге және онысандағы форс-мажор жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
CVL Construction ғимараттарды одан әрі пайдалану жағдайларын ескере отырып жобалайды, сондықтан біз инженерлік тораптарды қызмет көрсету үшін қол жетімді етіп жасаймыз және басқару компаниясы нысанды ұстау шығындарын оңай реттей алатындай етіп есептеу және бақылау құралдарын орнатамыз.
Бір орындаушының бақылауымен сауда алаңдарын жобалау және салу тұжырымдаманы құру кезеңіндегі маңызды параметрлерді ескеруге және құрылыс процесінде сметалық құнынан асырмай орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Дайын сауда ғимараты сенімділік, тиімділік және өзін-өзі қамтамасыз ету жағынан жобаға сәйкес келеді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірінші санаты лицензиясы
Екінші санатты жобалау лицензиясы
20 жылдың ішінде 200 нысан
Сіздің бюджетіңіздегі жобалар
Біз жобалық құжаттама мәселелерімен айналысамыз
Компанияның абыройын асыратын – жұмыс нәтижесіне көңілі толған клиенттер. CVL компаниясы әр әріптесімен мақтанып, құрылысын жүргізген әр нысанын есінен шығармайды. Әр жобаға жауапкершілікпен қарамауымызға риза болған клиенттер ғана емес сенімді достар да сеп болуда. Олармен қандай жобаны қолға алсақ да ұятқа қалмайтымызға сенімдіміз.
Девелоперлік және құрылыс жобаларын кешенді басқару
Коммерциялық жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды басқару
Салынып жатқан және құрылысы аяқталған активтерді басқару
Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық аудиті
Жобаларды жүзеге асыру құнын бағамдау
Техникалық Тапсырыс берушінің функциялары
Тұрғын үй салу технологиялары мен өлшемдері