Құрылыс кезінде техникалық тапсырмалардықұзірет бөлу құрылыс салушыға құрылыс нысанын бақылауды сақтауға және сонымен бірге жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз қажетті құжаттар мен рұқсаттарды алудан бастап мердігерлерді таңдауға және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге дейінгі барлық функцияларды орындаймыз.
Техникалық Тапсырыс беруші ретінде біз негізгі Тапсырыс беруші үшін құрылысқа рұқсат аламыз, құжаттарды рәсімдейміз және желілерге қосылу үшін техникалық шарттар аламыз. Осыдан кейін біз сенімді мердігерлерді таңдап, контрагенттермен келісім жасасамыз.
Біз құрылыс алаңындағы қауіпсіздікті және орындалған жұмыстардың сапасын бақылаймыз. Анықталған кемшіліктер жұмыстың келесі кезеңіне өтпес бұрын жылдам қалпына келтіріледі.
Құрылыс барысында біздің қызметкерлер салынған ғимараттың сенімділігіне кепілдік беру үшін қолданылатын жабдықтар мен материалдардың барлық паспорт, сертификаттарын және зертханалық сынақ нәтижелерін тексереді. Біз атқаратын құжаттаманың болуын және дұрыстығын бақылаймыз.
Барлық құжаттама қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік ғимараттарды салудағы көп жылдық тәжірибесі бар біздің команданың жауапты жеткізушілер мен клиенттер арасында тиімді келісімшарттар жасасуға мүмкіндігі бар. Нысандарды уақытысында пайдалануға беру – біздің басты міндетіміз.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының бірінші санаты лицензиясы
Екінші санатты жобалау лицензиясы
20 жылдың ішінде 200 нысан
Сіздің бюджетіңіздегі жобалар
Біз жобалық құжаттама мәселелерімен айналысамыз
Компанияның абыройын асыратын – жұмыс нәтижесіне көңілі толған клиенттер. CVL компаниясы әр әріптесімен мақтанып, құрылысын жүргізген әр нысанын есінен шығармайды. Әр жобаға жауапкершілікпен қарамауымызға риза болған клиенттер ғана емес сенімді достар да сеп болуда. Олармен қандай жобаны қолға алсақ да ұятқа қалмайтымызға сенімдіміз.
Девелоперлік және құрылыс жобаларын кешенді басқару
Коммерциялық жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды басқару
Салынып жатқан және құрылысы аяқталған активтерді басқару
Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық аудиті
Жобаларды жүзеге асыру құнын бағамдау
Техникалық Тапсырыс берушінің функциялары
Тұрғын үй салу технологиялары мен өлшемдері