UMC - Республикалық диагностикалық орталық (АМО), Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы (АМҰО) және Балаларды оңалту ұлттық орталығы (АМҰО) секілді инновациялық медициналық үш орталықтың басын қосып отыр.
UMC және Назарбаев Университеті коллаборациясы аясында біздің компания Назарбаев Университеті жанындағы Медицина мектебін салу жобасына қатысты.
Медициналық жобалар бойынша үлкен тәжірибесі бар CVL компаниясы Highvill компаниясы үшін төмендегідей қызметтер көрсетті:
Жобалау;
ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін жеткізу;
ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін орнату;
Ғимараттың сыртқы желісіндегі инженерлік жұмыстар.
Hilton Hotel Astana
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Hilton Astana — «ЭКСПО-2017» көрме орталығы аумағында орналасқан ультразаманауи қонақ үй.
Bi Group-пен арадағы әріптестікті жалғастыра келе және міндетемелерді орындай отырып біздің компания ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Вахталық қалашық Orken Village
Атырау облысы, Теңіз
2019
Бас тапсырыс беруші
"Консорциум "ISKER" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Теңіз кен орнының технологиялық аумағындағы міндеттемелерді орындауды жалғастыра отырып, CVL компаниясы ұйым қызметкерлері үшін жаңа тұрғын үй қалашығын салуға қатысты.
Жайлылық пен жабдықталу деңгейі бойынша Orken-ді өнеркәсіп, ауыр техника және далалы жерде орналасқан тұрғын үй кешенімен салыстыруға болады.
Бұл жоба үшін CVL жылу және желдету жабдықтарын жеткізді.
Павлодардағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Павлодар
2010-2012
Бас тапсырыс беруші
"Бекжолы НС" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 2013 жылдың 27 тамызы жаңа оқу маусымы қарсаңында өз жұмысын бастады және Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған 14-ші зияткерлік мектеп болды. Павлодардағы жаңа мектеп оқу процесіне инновацияларды енгізетін және педагог кадрлардың біліктілігін арттыратын базаға айналды. CVL компаниясы Қазақстан жастарының дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін мақтан тұтады. Бұл жерде елімізді жақсы жаққа қарай өзгертуге талпынатын мамандар мен қайраткерлердің жаңа буыны өсіп шығады деген сенімдеміз.
CVL мектептің күрделі құрылысын бастан аяқ атқарды.
Нұр-Сұлтан
Fitness Palace
Петропавловск
"Қазаэронавигация" АҚ ғимараты
Атырау облысы, Прорва, Теңіз
Tengizchevroil
Нұр-Сұлтан
EXPO 2017 ұйымдастырушыларының кеңсесі
Fitness Palace
Нұр-Сұлтан
2012
Бас тапсырыс беруші
"Құрылысшы LTD" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Fitness Palace Астана — қаланың сол жағалауындағы жалпы ауданы 10 000 ш.м. болатын премиум-санатты жаңа фитнес-клуб. Елорданың жаңа әкімшілік орталығында, фитнес-орталық үшін арнайы жобаланған ғимаратта орналасқан. Ерекше интерьер дизайны, заманауи технологиялыр самаладай жарық та жайлы, қолайлы залдары бар.
Fitness Palace жобасы аясында CVL компаниясы ОВВК жүйелерінің жабдықтарын жеткізуді және монтаждауды жүзеге асырды.
"Қазаэронавигация" АҚ ғимараты
Петропавловск
2018
Бас тапсырыс беруші
"Алтын Амир" ЖШС
Жоба сипаттамасы
2018 жылы Петропавл қаласында CVL компаниясы «Қазаэронавигация» ғимаратын қайта құру және күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.
Бұл жоба аясында:
100 ш. м. ғимаратты қайта жоспарлау;
15 км желдету жүйелерін бұзу және монтаждау;
Ғимараттағы 100 км коммуникациялық және электр желілерін бұзу және монтаждау;
Ғимаратты жылыту жүйелерін бұзу және монтаждау жүргізіліп;
1000 ш. м. ғимарат қайта құрылды және жөнделді.
Tengizchevroil
Атырау облысы, Прорва, Теңіз
2018
Бас тапсырыс беруші
Tengizchevroil
Жоба сипаттамасы
Қазақстан Республикасының құрлықтағы ең үлкен мұнай кен орны – Теңіз - CVL компаниясының Атырау облысында атқарған үлкен жобасы. Жоба Tengizchevroil-мен тікелей мастер-келісімшартпен жүзеге асырылды. Бұл Қазақстанныңнөмірі бірінші мұнай компаниясы тарапынан үлкен сенім екені анық.
Біз жүктерді тасымалдау бағытындағы нысандар кешені (МаТраГ, ККЖ, ТШО):үшін төмендегідей жұмыстар атқардық:
Ағынды суларды тазарту қондырғысының ғимараты;
Жедел медициналық жәрдем ғимараты;
Өрт сөндіру депосының ғимараты;
Цехтар;
Жөндеу шеберханалары.
Жүктелген міндеттемелерді орындау аясында CVL компаниясы келесі жұмыстарды сәтті орындады:
Жобалау;
Жабдықтарды жеткізу;
Өндіріс;
Сынақтар;
Құжаттаманы дайындау;
Шеф-монтаж;
Желдету және Суықпен жабдықтау жүйелерін іске қосу-баптау.
EXPO 2017 ұйымдастырушыларының кеңсесі
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
"Petroline Bau" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Petroline Bau үшін мердігерлік аясында CVL компаниясы EXPO 2017 көрмесін ұйымдастырушылардың кеңсесі үшін геотермалды жылу жүйесін және жылу бекетін жобалауды жүзеге асырды.
Сонымен қатар, компания жылу сорғыларын жеткізіп және жабдықты орнатып берді.
Жамбыл облысы, Шу
Тараз химия паркі
Нұр-Сұлтан
Электровоз құрастыру зауыты
Нұр-Сұлтан
Милано Бизнес Орталығы
Нұр-Сұлтан
Центр Baiterek Бизнес Орталығы
Тараз химия паркі
Жамбыл облысы, Шу
2018
Бас тапсырыс беруші
"ISS Engineering" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы №426 Жарлығы бойынша құрылды. АЭА негізгі қызметі: Қазақстан Республикасында заманауи, экологиялық жағынан қауіпсіз технологияларды қолдану арқылы қосылған құны жоғары химия өнімдерінің жаңа өндірістерін қалыптастыру.
Осы өнеркәсіптік кешеннің технологиялық нысандарының бірі, атап айтқанда тазарту корпусы мен реагенттер қоймасы үшін CVL компаниясы желдету жабдықтарын жеткізді.
Электровоз құрастыру зауыты
Нұр-Сұлтан
2012
Бас тапсырыс беруші
"Найза Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС құрылысы 2011 жылдың қазанынан 2012 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта жүргізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен электровоз өндірісін ұйымдастыру стратегиялық инвестициялық жоба деп танылды.
Кәсіпорынның құрылтайшылары - Alstom (Франция, жарғылық капиталында 50% үлесі бар), "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" АҚ (25%), "Трансмашхолдинг" ЖАҚ (Ресей, 25%).
«Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС Қазақстанның жүк тартқыштар паркін жаңарту ғана емес, сонымен қатар «1520» кеңістігі нарығына өнім экспорттауды да мақсат етіп отыр.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі үшін маңызды және көрнекі жобаға қатыса отырып, компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізу мен монтаждауды өз мойнына алды.
Милано Бизнес Орталығы
Нұр-Сұлтан
2014
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
19 апта 19 күн ішінде BI Group астананың қақ ортасында бес қабатты «Milano» бизнес орталығын салып бітірді. Жемісті жоба компанияның 19 жылдығы қарсаңында қолға алынып, Құрылысшылар күніне орайластырылған болатын. Мамандардың айтуынша, мұндай ғимарттар әдетте бір жыл бойы салынады. Алайда шеберлік пен жаңа технологиялардың арқасында BI Group дәл мерзімінде тапсырды. МЖК-Премиум дивизионының 315 мүшесі екі ауысыммен жұмыс істеді.
Рекордты жобаға қатыса отырып, компания ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізу мен монтаждауды өз мойнына алды.
Центр Baiterek Бизнес Орталығы
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«А» санатты Baiterek бизнес орталығы «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағына жақын орналасқан. Нысанның инфрақұрылымы жетілген. Атап айтқанда: коворкинг, банк бөлімшесі, мини-маркет, сұлулық салоны, мейрамхана, кофейня секілді көптеген қызмет түрлері бір жерде жинақталған. 2017 жылы салынды. Бизнес орталық City Walk жаңа іскерлік ауданының бір бөлшегі саналады.
Мердігер ретіндегі міндеттемелерін орындай отырып CVL компаниясы Baiterek бизнес орталығы үшін ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Нұр-Сұлтан
Ray Residence ТК
Нұр-Сұлтан
Panorama Park ТК
Қостанай
City Kostanai Бизнес Орталық
Нұр-Сұлтан
ССС Бизнес Орталығы
Ray Residence ТК
Нұр-Сұлтан
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Ray Residenсe сәулет ансамблі АҚШ-тағы 20-шы жылдардың алтын дәуірін бейнелейді. Қатаң геометриялық формалар, күңгірттенген безендіру, байлық пен барлықтың иісі шығып тұрған қымбат та занамауи материалдар. Әсіресе ашық түсті қасбет пен балкон мен терезелердегі қола түсті болуы ерекше реңк береді. Тұрғын үй кешені заманауи технология жетістіктерімен жабдықталған.
Соның бірі деп CVL компаниясы орнатқан ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін атауға болады.
Panorama Park ТК
Нұр-Сұлтан
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Panorama Park — авторлық дизайн мен көз алмай қарай бергің келетін көрікті келбет. Терезеден Ботаника бағы, яғни 100 гектар жерді алып жатқан айшықты ландшафт құрылымы мен мұндалап тұр.
Көгалмен көмкерілген айнала, балалар және ересектерге арналған алаңқайлар, серуен жолдары мен аула ішіндегі демалыс аумақтары мұндағы әр отбасының күнделікті сәттерін ғажап көңіл күйге толтыруға арналғандай.
Бұған CVL компаниясы орнатқан ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін қоссаңыз кешеннің құны арта түспек.
City Kostanai Бизнес Орталық
Қостанай
2012
Бас тапсырыс беруші
"ЦУМ" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«City Kostanai» – «А» санаттағы, заманауи кеңсе бөлмелерінен тұратын бизнес орталық. Бизнес-орталықтың барлық инженерлік жүйелері, оның ішінде аса жылдам лифтілер заманауи құрылыс стандарттарына сәйкес келеді. Ғимарат жабдықтары функционалдылық пен сенімділіктің қатаң талаптарына сай. «City Kostanai» бизнес-орталығы кәдімгі инженерлік жүйелермен қатар: климатты жеке бақылау, жылыту, ауа баптау және желдету жүйесімен, жылу перделерімен, электрмен жабдықтайтын тәуелсіз жүйесімен, қауіпсіздік және қол жеткізуді бақылау жүйелерімен, бейнебақылаумен, автоматты өрт дабылымен, паркингті басқарумен және барлық қажетті дүниелермен жабдықталған.
CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізуді өз мойнына алды.
ССС Бизнес Орталығы
Нұр-Сұлтан
2007
Бас тапсырыс беруші
"ССС" компаниясы
Жоба сипаттамасы
2007 жылы Дінмұхамед Қонаев атындағы көше бойында «ССС» компаниясының тапсырысымен салынды. Мұнда көптеген мекемелердің кеңсесі орналасқан.
«ССС» бизнес орталығында кең аумақты қамтитын жұмыс кеңселері, маңызды кездесулерге арналған конференц-залдар бар.
Бұл бизнес орталықтың құрылысы барысында CVL компаниясы сапалы алюминий радиаторлар жеткізіп берумен айналысты.
Нұр-Сұлтан
Зеленый квартал ТК
Нұр-Сұлтан
Promenade Burabay ТК
Нұр-Сұлтан
Сезам ТК
Нұр-Сұлтан
Эталон орталығы
Зеленый квартал ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Зеленый Квартал» - қаланың жайлы өмірі мен таулы жерге тән салқын да саялы мекен, таза ауаның басын қосқан ерекшеліктері жетерлік ауқымды жоба.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждауды мойнына алды.
Promenade Burabay ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Promenade Burabay — Қазақстан жауһарларының бірі – Бурабайдың қақ жүрегінде орналасқан тұрғын үй кешені. Мұндағы ұядай апартаменттерде қаланың шулы тіршілігінен серпіліп, тұмса табиғатты тамашалап, денсаулықты түзеп, миды тынықтыра аласыз.
Бұл заманауи әрі ерекше жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждауды бастан аяқ орындады.
Сезам ТК
Нұр-Сұлтан
2003-2009
Бас тапсырыс беруші
"Астана Трейд Интернейшнл" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Сезам» тұрғын үй кешені 22 қабаттан тұратын егіз екі үйден тұрады. Елорданың Алматы ауданы ауданында, Иманбаева мен Кенесары көшелерінің қиылысында орын тепкен.
Кешеннің қос мұнарасы үш қабаттан тұратын қуатты стилобат үстіне қондырылған. Бірінші қабатта көлік қоятын орын қарастырылған, екінші және үшінші қабаттарда коммерциялық үй-жайлар орналасқан. Монолит-каркас технологиясымен тұрғызылған ТК 2006 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілді.
CVL компаниясы бетон құю және әрлеу жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізіп берді.
Эталон орталығы
Нұр-Сұлтан
2009
Бас тапсырыс беруші
"Элитсрой" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Эталон орталығы Есіл өзенінің сол жағалауында, елорданың жаңа әкімшілік орталығының жанында орналасқан. Орталықтың құрылысы мемлекеттік өлшем жүйесінің негізгі міндеті саналатын шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру, оларды жасау, бекіту, сақтау ережелерін белгілеуде үлкен роль атқарады.
Салынған республикалық кәсіпорында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында жұмыс істейтін ұйымдар, «ҚазМетрИн» РМК зертханаларымен, «ҚазСтИн» РМК Стандарттау және сертификаттау институты орналасқан.
CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізумен айналысты.
Нұр-Сұлтан
Avenue 5 ТК
Нұр-Сұлтан
Меридиан ТК
Нұр-Сұлтан
Promenade Expo ТК
Нұр-Сұлтан
Park Avenue ТС
Avenue 5 ТК
Нұр-Сұлтан
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Жоба Avenue 5 – қатаң стиль мен ерекше аумақтарға бөлінген және заманауи материалдар қолдана отырып салынған кешен. Бұл тұрғын үй астананың көркіне айналды. Қазақстандағы тұрғын үйге қойылар талаптың айтарлық өскенінің дәлелі.
Жоба барысында CVL компаниясы үйлерге премиум санатты ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін орнатқан.
Меридиан ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bazis" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Meridian тұрғын үй кешені Нұр-Сұлтанның болашағы зор және экологиясы таза ауданында, Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының шаршысында орналасқан.
Meridian - бұл бір стилобатпен біріктірілген 16 және 19 қабатты екі биік үйден тұратын тұрғын үй кешені. Онда жайлылықты қамтамасыз ететін қызметтердің барлық түрі қарастырылған. Meridian-ға көз салмай өту мүмкін емес! Түп-түзу салынған, табиғи түстегі қасбеттер, темір мен әйнектің жарқылы. Бұл микрокосмада атмосфера жарығымен күшейтілген ерекше сүйкімділік бар, ол жұмыс күндері, демалыс күндері және мерекелерде өзгеріп отырады.
Жоба барысында Bazis компаниясы үшін CVL жоғары сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін орнатты
Promenade Expo ТК
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Promenade expo» тұрғын үй кешені Астана қаласының сол жағалауында Мәңгілік Ел даңғылының екі жақ бойында, BI Village коттедж қалашығы мен EXPO-2017 аумағына жақын орналасқан.
Кешен жобасы 4 блоктан тұрады. Олар: Promenade Expo-A, Promenade Expo-B, Promenade Expo-C, Promenade Expo-D, 5-18 қабатты тұрғын үйлер, паркинг, әкімшілік нысандар, дүкендер, сауда-сервис инфрақұрылымы.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждап, іске қосып берді.
Park Avenue ТС
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Нұр-Сұлтан – ерекше сәулеті бар, тарихы мен мәдениеті бай елорда. Бұл жерде жыл өткен сайын ыңғайлы да жайлы жаңа құрылыс нысандары бой көтеріп келеді.
Солардың бірі – бизнес санатқа кіретін Park Avenue тұрғын үй кешені. Парк Авеню астанадағы Орынбор №26, Түркістан және Ақниет көшелерінің қиылысында орналасқан.
Бұл кешен – салнататты өмрдің сипаты іспетті. Қамсыз өмірдің бір белгісі – сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелері. Оны да CVL компаниясы жүзеге асырды.
Нұр-Сұлтан
Каминный ТК
Нұр-Сұлтан
Nova City ТК
Атырау
Zaman ТК
Нұр-Сұлтан
Триумфальная арка ТК
Каминный ТК
Нұр-Сұлтан
2003-2009
Бас тапсырыс беруші
"Астана Трейд Интернейшнл" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Каминный» тұрғын үй кешені бет жағы қызыл кірпішпен әрленген 13 және 17 қабатты секциялардан тұрады. Алматы ауданындағы Кенесары — Асан Кайғы — Луи Пастер — Сырдария көшелерінің шаршысында орналасқан.
Тұрғын үйдің «Каминный» аталуы тегін емес. Пәтер ішіндегі интерьердің ең басты атрибуты — электр камин. Ошақ пен жайлы үйдің символы. Дәліздегі холл бөлме гүлдермен көмкеріліп, шырмауықтарға тұнып тұр. Осының арқасында тіпті қыс кезінде де кешеннің іші аязды сездірмейтін жылуға толып тұрады.
CVL компаниясы бетон құю және әрлеу жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізіп берді.
Nova City ТК
Нұр-Сұлтан
2017
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Nova City на Туране» тұрғын үй кешені заманауи қала тұрғындарына арналған. Ашық түсті сыртқы бет, қолайлы жобалау және дамыған инфрақұрылым. Спорт алаңдары мен қыдырып, уақыт өткізуге арналған саяжолдар көңілді еріксіз көтереді. Мұнда келген кез келген жан өзіне лайық орын таба алады.
Бұл жердегі жақсы өмір CVL компаниясының ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждауына да байланысты.
Zaman ТК
Атырау
2019-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Бұл - Атырау қаласындағы біздің серіктестеріміз үшін тұңғыш рет жүзеге асырылған жоба. Кешен бизнес санатты және қоныс тойын тойлаушыларға қаланың қақ ортасынан пәтер ұсынып, жайлы өмірдің кілтін ұстатады.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде CVL компаниясы тұрғындардың жайлылығы үшін ІБЖ жүйелерін жеткізуді және монтаждауды жүзеге асырды.
Осы жобаны іске асыру аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін орнатты.
Триумфальная арка ТК
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Триумфалды Арка» — астанадағы көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің бірі. Кешенде бизнес-санаттың барлық атрибуттары бар. Атап айтқанда: маңдайалды құрылыс технологиялары, жоғары сапалы материалдар, заманауи инженерлік жабдықтар, жабық аумақ, кіруді бақылау жүйесі.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Нұр-Сұлтан
Арнау Премиум ТК
Алматы
Art Residence ТК
Нұр-Сұлтан
Олимп Палас ТК
Нұр-Сұлтан
Москва ТК
Арнау Премиум ТК
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
"Құрылысшы LTD" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Арнау» — бұл қала ішіндегі ерекше қала. Шаһар шуынан алыс орналасқан, бірақ елорданың дамып келе жатқан инфрақұрылымына кіріп тұрған жеке орам. Құрамына 7-8-9 қабатты кірпіштен қаланған 15 үйден тұратын кешен. CVL компаниясы ішкі инженерлік жүйелер бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.
Осылайша тұрғын үй кешеніндегі жүйелердің сапасы мен тозуға төзімділігін жақсартты. Жүйелердің жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрады.
Art Residence ТК
Алматы
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Art Residence Алматыда орналасқан Бизнес санатты тұрғын үй кешені.
ТК қоршалған өз аумағы бар жеке орам болып саналады. Құрылыс кезінде жоғары сапалы құрылыс материалдары пайдаланылды және энергия үнемдейтін технологиялар қолданылды.
Жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерімен қамтамасыз етті.
Олимп Палас ТК
Нұр-Сұлтан
2003-2009
Бас тапсырыс беруші
"Астана Трейд Интернейшнл" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Олимп Палас» ТК 11-16 қабатты үйлерден тұратын 12 секциялы П-әрпі бейнесінде иіліп салынған ғимарат. Жаңа үй монолит-каркас технологиясымен, арасына газ блоктар құйылып салынған (бөлме аралары көбікті кірпіштермен бөлінген. Ол дыбыс өткізбейтін қасиетке ие). Үйге көрік беріп тұратын элементтердің бірі — қаланы алақандағыдай етіп көрсетіп тұратын қабырға бойына түгел орнатылған терезе. Сәулет жобасы бойынша барлық жағдайы жасалған аула қақ ортада, айналасы үй қабырғаларымен қоршала орналасқан.
CVL компаниясы бетон құю және әрлеу жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізіп берді.
Москва ТК
Нұр-Сұлтан
2006
Бас тапсырыс беруші
"АльНура Холдинг" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Москва» тұрғын үй кешені Астана қаласының орталық бөлігінде, Алматы ауданында, Иманов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан 23 қабатты екі үйден тұрады. Альнура Холдинг ЖШС салған.
CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, орнатумен айналысты.
Нұр-Сұлтан
Премьера ТК
Нұр-Сұлтан
Akbulak Town ТК
Нұр-Сұлтан
Фортуна ТК
Нұр-Сұлтан
Астана жұлдызы ТК
Премьера ТК
Нұр-Сұлтан
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Нұр-Сұлтандағы «Премьера» ТК еркіндік пен кеңдікті сүйетіндер үшін тұрғызылған бизнес санатты үй. Сол жақ жағалауда, Кабанбай батыр 22 мекенжайында орналасқан. Орамға жақын маңда қаладағы ең танымал орындардың бірі «Мега Астана» сауда орталығы мен цирк орналасқан.
Сәтті таңдалған мекеннің арқасында «Премьера» тұрғындары қаланың кез келген жеріне қиналмай жете алады.
Тұрғын үй кешеніндегі жайлылықты сақтай отырып CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Akbulak Town ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Akbulak Town Б.Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан, бірге және жапсарлас салынған үй-жайлары бар 9 және 14 қабатты үйлер кешені. Барлығы кірпіштен салынған.Сырт жағы әдемі де берік құрылыс материалдарының бірі - кератвинмен қапталған.
Батыл сәулет ісі мен ашық түспен қапталған сыртқы әрлеу материалдары оны айналадағы ғимараттардан ерекшелендіріп тұрады.
Бұл әсем жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Фортуна ТК
Нұр-Сұлтан
2003-2009
Бас тапсырыс беруші
"Астана Трейд Интернейшнл" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Фортуна» тұрғын үй кешені ескі қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Алматы ауданында, Кенесары көшесінің бойында, Торайғыров пен Ғабдуллин көшелерінің ортасында тұр.
ТК 2004 жылы пайдалануға берілді. Құрылыс барысында Еуропа өндірушілерінің сертификатталған материалдары, заманауи құрал-жабдықтар, құрылыс пен жобалалау жұмыстарындағы тың жетістіктер пайдаланылды.
CVL компаниясы бетон құю және әрлеу жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізіп берді.
Астана жұлдызы ТК
Нұр-Сұлтан
2003
Бас тапсырыс беруші
Компания "Bazis"
Жоба сипаттамасы
«Астана жұлдызы» ТК – ыңғайлы етіп жобаланған, аумағы ат шаптырым кең пәтерлер, сәулеті келіскен, барлық инфрақұрылымы жетілдірілген тұрғын үй кешені.
Кешен Есілдің сол жағалауында орналасқан. Осының арқасында тұрғындар бос уақытында көк желекпен көмкерілген жерде таза ауамен тыныстай алады. 2005 жылы бой көтерген бұл үйлер қала көркіне ерекше сән беріп үйлесе кеткен. Қазір қала тұрғындарымен қатар, шаһар қонақтары да бірден тани алады.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы жылыту алмастырғыш жүйелер үшін құрал-жабдықтар жеткізді.
Нұр-Сұлтан
Астана Меруерт ТК
Нұр-Сұлтан
Алтын Орда ТК
Нұр-Сұлтан
Астана темір жол вокзалы
Нұр-Сұлтан
№2 қалалық балалар ауруханасы
Астана Меруерт ТК
Нұр-Сұлтан
2006
Бас тапсырыс беруші
"MGT Astana" ЖШС
Жоба сипаттамасы
"Астана Меруерт" ТК — Нұр-сұлтан қаласының Алматы ауданында, Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан, коммерциялық үй-жайлары мен бизнес-орталығы бар 16 қабатты ірі тұрғын үй кешені.
CVL компаниясы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, орнатумен айналысты.
Алтын Орда ТК
Нұр-Сұлтан
2008
Бас тапсырыс беруші
"Астана Недвижимость" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Алтын орда» ТК — астананың Сарыарқа ауданы, Бөкейхан көшесінде, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан 15 қабатты тұрғын үй кешені.
Кешен жалпы 5 қабатты галереямен біріктірілген үш биік ғимараттан тұрады. Жоғарғы жағындағы негізгі қасбеттері көлбеу жапсырылған. Әр үйдің жоғарғы қабаттарының лоджиялары әйнекпен қапталған. Ғимарат монолит, сыртына керамогранит жапсырылған.
Тұрғын үй құрылысын салу барасында CVL компаниясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізіп берді.
Астана темір жол вокзалы
Нұр-Сұлтан
2005
Бас тапсырыс беруші
"Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ
Жоба сипаттамасы
Нұр-сұлтан I-Қазақстанның елордасы Нұр-сұлтан қаласында орналасқан "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ темір жол станциясы. Мұнда 2017 жылы Нұрлы Жол жаңа вокзалы іске қосылғанға дейін қаланың басты теміржол вокзалы орналасқан.
Станция 2004-2005 жылдары үлкен қайта құрудан өтті, содан кейін вокзалдың сыйымдылығы 300 орынға артты. Вокзалдың орташа тәуліктік өткізу қабілеті 5,2 мың жолаушыны, нақты жөнелту – 4,8 мың жолаушыны құрады.
CVL компаниясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізіп берді.
№2 қалалық балалар ауруханасы
Нұр-Сұлтан
2006
Бас тапсырыс беруші
«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Жоба сипаттамасы
CVL компаниясы тиісті мерзім ішінде Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасына «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ тапсырысы бойынша сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.
Міндет аурухананың ішкі интерьерін, сумен жабдықтау жүйелерін, ғимараттың электр желілерін, кәріз жүйелерін және ғимараттың желдету жүйелерін жаңарту болды.
Нұр-Сұлтан
Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы
Нұр-Сұлтан
Кеңсе ғимараты
Атырау
Буркит Интернешнл өндірістік ангары
Нұр-Сұлтан
Тау Тенгри ТК
Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы
Нұр-Сұлтан
2012
Бас тапсырыс беруші
Найза Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Найза Құрылыс» ЖШС-мен ынтымақтастық аясында CVL компаниясы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады. Бұл жоба кішкентай пациенттер үшін ауа жеткізіп, сүзудің ерекше қажет болғандықтан маңызды саналады. Бала біздің болашағымыз екенін ескере отырып, компания аурухананы ең жоғары сапалы желдеткіш, сүзгіштермен жабдықтады.
Болашақ ұрпақтың денсаулығына үлес қосқанымыз үшін мақтанамыз.
Кеңсе ғимараты
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Алтын Амир" ЖШС
Жоба сипаттамасы
CVL компаниясы бас мердігер ретінде қызмет еткен компания қоржынындағы жобалардың бірі.
Сенімді міндеттемелер бойынша компания күрделі құрылыс түрін бастан аяқ жүргізді.
Буркит Интернешнл өндірістік ангары
Атырау
2019
Бас тапсырыс беруші
"Боркит Интернейшнл" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Батыс Қазақстандағы өз позициясын нығайту аясында CVL компаниясы Боркит компаниясы өндірісі үшін ауа баптау жүйелерін жеткізуді, монтаждауды және іске қосуды жүзеге асырды.
Осы жоба аясында әр минут сайын 300 текше метр суық жібере алатын ауа баптағыштың 2 шақырымдық орнатылды.
Тау Тенгри ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Отау Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Тау Тенгри» ТК – биіктігі он төрт-жиырма бір қабат болатын екі стильді үй. Олар аула ортада қалып, жабық та қауіпсіз алаңқайға айналатындай етіп салынған.
Бұл жоба барысында CVL жоғары сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін орнатты.
Нұр-Сұлтан
Orda Tower ТК
Нұр-Сұлтан
Аллея Тысячелетий ТК
Алматы
Atameken ТК
Алматы
Gúlder ТК
Orda Tower ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Orda Invest" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Нұр-Сұлтандағы Orda tower кешені еденнен төбеге дейін салынған терезелері бар 18 қабатты үй. Сыртқа назар салған адамның көз алдына астананың бар бұрышын алып келеді. Бұл – барынша жағдай жасалған бизнес санатты пәтер. Тұрғын үй кешені өте ыңғайлы жерде орналасқан, инфрақұрылымы дамыған және бөлме ішін қалауынша өзгертіп алуға болатындығымен ерекше.
Бұл жоба барысында CVL жоғары сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін орнатты.
Аллея Тысячелетий ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bazis" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Bazis компаниясының жоғары сапа, ұсақ-түйектерге дейін назар аударуды ескере отырып жүзеге асырған беделді жобасы.
Тамаша жерде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері жайлы да сәнді баспанасымен мақтана алады.
Бұл жайлылықтың бір үлесі CVL компаниясы жүзеге асырған ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерінің жабдықтарында жатыр
Atameken ТК
Алматы
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Atameken» тұрғын үй кешені тұрақтылық пен жылылықты бағалайтындар үшін. Сонымен қатар қала орталығынан алыс кетпей-ақ Алматының экологиясы ең таза аудандарының бірінде өмір сүруге мүмкіндік береді.
Мұндағы артықшылықтардың бірі ретінде CVL компаниясы орнатқан жоғары сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін атауға болады
Gúlder ТК
Алматы
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
"Gúlder" ТК Алматыдағы Райымбек көшесі, Наурызбай ауданында, әйгілі Атлеттер ауылы мен спорт аренасы арасында оналасқан. Гүлдер десе гүлдер дегендей алуан түсі мен дизайны алыстан көз тартады.
Бірінші кезектегі үйлер 12 мен 16 қабатқа есептелген. Аралық қабырғалар газ блогтармен кірпіш технологиясы бойынша қаланған. Монолит қаңқа 9 балл болатын жер сілкінісіне төтеп бере алады.
Осының ішінде CVL компаниясы орнатқан жоғары сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелері де кешенге бір ұпай артық беріп тұр.
Алматы
Берекет ТК
Алматы
Асыл Тау ТК
Нұр-Сұлтан
Әйнек зауыты
Нұр-Сұлтан
«Астана Су Арнасы» нысандарын жаңғырту
Берекет ТК
Алматы
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Бар жоғы екі-ақ тал көп қабатты, көп кіре берісі бар үйдің кеңдігі сондай айласы да ат шаптырым болып келеді. Қасбеті жарқын түстерге боялған. Аймақтың сейсмикалық қаупі жоғары екендігі ескеріліп салынған.
Жұмыс барысында экологиялық таза құрылыс материалдары, жаңа технологиялық шешімдер, тиімді жылу оқшаулау және CVL компаниясы орнатқан жоғары сапалы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін қолданылды.
Асыл Тау ТК
Алматы
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Жаңа «Асыл Тау» кешені BI Group компаниясының Алматыдағы жобаларының бірі. Компания оңтүстік астана тұрғын үй нарығына кезекті салымын жасап жатыр. Мұндай үй кез келген адамның арманы. Құрылыс салушы барлық ұсақ-түйекке ерекше мән берген. Өйткені ол үйге көшіп кірген адам басқа мәселелерге бас ауыртпайтын болады.
Бұл кешенге де CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін жерткізіп монтаждаған.
Әйнек зауыты
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
"Фирма Алкон+" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Кәсіпорын жылына 100 мың шаршы метрге дейін дайын өнім шығарады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. «КСС Астана» әйнекті өнеркәсіптік өңдеу зауыты «Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркінде орналасқан.
Осы жобаны іске асыру аясында CVL компаниясы бүкіл зауыттың құрылыстық монтаждау жұмыстарын бастан аяқ жүргізді.
«Астана Су Арнасы» нысандарын жаңғырту
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК
Жоба сипаттамасы
«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК жүзеге асырған, CVL компаниясының Нұр-Сұлтан қаласының бүкіл аумағын қамтитын ауқымды жобасы. Компания қаладағы барлық жылу тораптарын автоматтандырып, диспетчерлендірді, осылайша қала тұрғындары мен қонақтарына жылуды үздіксіз алуға мүмкіндік берді.
CVL әр үйге жылулық пен жайлылық сыйлайды.
Нұр-Сұлтан
Ботанический ТК
Нұр-Сұлтан
Grand Opera ТК
Нұр-Сұлтан
Мәңгілік ТК
Нұр-Сұлтан
Sunrise ТК
Ботанический ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Ботанический» ТК – жер телімінде «П» әрпі түрінде орналасқан биіктігі он екіден жиырма қабатқа дейінгі бес секциядан тұратын жайлы ғимарат. Үй өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы америка сәулет стилінде жасалған. Жаңа ғимараттың келбеті айналаның сәулет сәнімен тамаша үйлеседі.
Бұл жоба үшін CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін жеткізіп, орнатқан.
Grand Opera ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Grand Opera жобасы тұжырымдамасына «Астана Опера» театрының образы себеп болған. Бұл театр ұлттық маңызы бар сәулет өнерінің ескерткіші іспетті. Бойында әлемдік айшық пен қазақи нақыш астаса өрілген.
Бұл жоба үшін CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін жеткізіп, орнатқан.
Мәңгілік ТК
Нұр-Сұлтан
2018
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Стратегиялық маңызы жоғары көшеде орналасқан «Мәңгілік» ТК арқа тұрғындарының бірбеткейлігінің символы іспетті. Даму мүмкіндіктері, аяз бен аптапқа төзімділігі, беріктігі – солтүстік халқының шыңдалған құрыш мінезі мен күшіне сай келіп тұр.
Аталған кешенді CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерімен қамтамасыз етті.
Sunrise ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Sunrise» ТК Астанадағы Сығанақ көшесіндегі көлдің жанында, елорда орталығынан төрт шақырым қашықтықта орналасқан. Мұндағы экология керемет, жақын жерде өнеркәсіп, кәсіпорындар да, тым көлігі көп магистральдар да жоқ. «Sunrise» ТК көрші тұрғын үйлердің жанында ғажап көрінеді.
Көппәтерлі тоғыз секциялы ғимарат қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ кешеннің зілзалаға төзімділігі мен энергия үнемдеуге қойылатын талаптарын ескере отырып жобаланған.
Кешендегі заманауи технологиялардың бірі деп CVL компаниясы жеткізіп, орнатқан ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелерін айтуға болады.
Нұр-Сұлтан
7Я ТК
Нұр-Сұлтан
Deluxe Town ТК
Нұр-Сұлтан
Лазурный квартал ТК
Нұр-Сұлтан
Art House ТК
7Я ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Құрылыс салушы бұл отбасылық тұрғын үй кешенінің құрылысына ерекше назар аударған. Жоғары сапа, әр алуан жобалар және жерасты паркингі, кең және қауіпсіз аулалар, тыныш демалыс аймақтары мен жабдықталған ойын алаңдары бұл кешенді әр түрлі жастағы жандар үшін өте қолайлы етеді.
CVL компаниясы жеткізіп, орнатып, іске қосқан ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелері кешеннің тұрғындарының жайлы өмірінің бір бөлігіне кірігіп тұр.
Deluxe Town ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Deluxe Town — неоклассика стилінде салынған, темірден соғылған балконы бар төрт қабатты 17 үй. Үйлер абаттандырылған аумағы бар клуб түріндегі резиденцияны құрайды. Бұған орналасқан жері де ықпал етеді. BI Village тұрғын алабының дәл орталығы - бұл елорданың тыныш және экологиясы таза ауданы. Бүкіл дизайн функционалдық пен жайлылық деген екі принципке негізделген.
Оған CVL компаниясы жеткізіп, орнатқан ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелері де үлес қосып тұр.
Лазурный квартал ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
12 ден астам көп пәтерлі үйлерден тұратын ірі тұрғын үй кешені. Жапсарлас салынған коммерциялық үй-жайлар мен бөлек паркингі де бар. Бар ғимарат сырты зүбәржат түсте доғал немесе толқын кейіпте жасалған. Сондай-ақ үйдің үстіңгі жағы желкен бейнесінде безендірілген.
Бұл үйлердегі ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелері CVL компаниясының арқасында іске қосылған.
Art House ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Астанадағы Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылысындағы Art House ТК – тұрғын үйлердің жәй ғана құрылысын ғана емес, сонымен қатар оларды өмір сүруге қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейтін қағидатты жаңа форматтағы тұрғын үй. Мұнда заманауи технологиялар қолданылған.
Әр пәтерге жеке орнатылатын су сүзу жүйесі отбасы үшін жағымды сый анық. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінде заманауи түрі, өрт дабыл қызметі, қозғалысты бақылау, бөтен көліктер кіруге мүмкіндік бермейтін электронды шлагбаум орнатылады.
Бұған қоса CVL компаниясы орнататын ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтар да тағы бір артықшылық болары сөзсіз.
Нұр-Сұлтан
Арнау ТК
Нұр-Сұлтан
Камал ТК
Нұр-Сұлтан
Bi Town ТК
Нұр-Сұлтан
Orynbor Towers ТК
Арнау ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Астанадағы Ұлы Дала даңғылы бойында орналасқан «Арнау» тұрғын үй кешені қала ішіндегі қала қағидатына келеді. Бұл – қала қарбаласынан алыс болғанмен елорданың замауаи инфрақұрылымына көрік беріп тұрған жеке тұрғын үй орамы.
Бұл үйлердегі жайлылықты сақтау үшін CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждаған.
Камал ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Камал» кешені астананың Есіл ауданында орналасқан эконом санатты тұрғын үй. Бұл жердің артықшылығы – аудан жаңа дамып келе жатқанмен, осы маңнан Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр секілді негізгі магистральдер өтеді. Сондықтан да үйден шыға салып қаланың кез келген жеріне қиналмай жетуге болады.
Тұрғын үйдің эконом санатты болып саналғанымен, BI Group пен әріптестері үйдің техникалық жарақтандырылуы сапалы болуы керек деген ұстанымда болған. CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждаған.
Bi Town ТК
Нұр-Сұлтан
2019
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
BI Town - бұл Астананың сол жағалауындағы тыныш, экологиялы таза жерде орналасқан, табиғи рекреация аймағын құрайтын клуб типтес жеке резиденция. 4-5 қабаттан тұратын жаңа, аз қабатты тұрғын үй кешені - жайлы өмір сүруге таптырмас орын.
Үйлердің еуропалық стилі мен көркем пейзаж - табиғат пен заманауи сәулеттің біте қайнасқан көркем күйіндей қабылданады. Дей тұрғанмен, BI Town–дағы әр үй техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген нысан болып саналады.
Оған CVL компаниясы үлес қосқан ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждау да кіреді.
Orynbor Towers ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Orynbor Towers тұрғын үй кешені Нұр-Сұлтандағы EXPO-2017 көрме алаңына жақын, Мәңгілік Ел даңғылының бойында орналасқан.
ЖК Orynbor Towers – қаланы түгел шолып қарауға мүмкіндік беретін заманауи көпқабатты үй. Үй салушылар сыртқы жағының көз тартар болуымен қатар, дұрыс жобалануына да ерекше назар аударған.
Жып-жылы үйдің тұрғындары арқаның аязы мен боранын елең қылмай өткізе алады. Бұл жағына CVL компаниясы да ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждай отырып үлес қосты.
Нұр-Сұлтан
Expo Residence ТК
Нұр-Сұлтан
Vivat Promenade ТК
Нұр-Сұлтан
Арман Кала ТК
Нұр-Сұлтан
Британский Квартал ТК
Expo Residence ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2020
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Expo Residence – Ұлы Дала, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылдарының және Тұрар Рысқұлов көшелерінің шаршысында орналасқан заманауи тұрғын үй кешені.
CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады және қосып, реттеп берді.
Vivat Promenade ТК
Нұр-Сұлтан
2015
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
Vivat Promenade – тұрғын үй кешенінің көз тартар көрікті бөлігі. Үй әр түрлі жастағы адамдардың талғамына, тілектеріне және қажеттіліктеріне сәйкес жасалған. Кешеннің ерекшелігі – аса көп қабатты еместігі. Мұнда тек 6-дан 8 қабатқа дейін ғана салынған.
Мұнда жайлы өмір сүретін, демалатын және жұмыс істейтін үйлесімді кеңістік құрылған.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Арман Кала ТК
Нұр-Сұлтан
2013-2017
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Арман Кала» ТК – Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел магистралі мен Түркістан көшесінің бойында орналасқан астананың сол жағалауындағы 10 ғимараттан тұратын комфорт-класс кешені.
Бұл жерде силикат кірпіштен жасалған 7, 9 қабатты монолитті үйлер және 17 қабатты монолитті темірбетон мұнаралар бар.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждап, іске қосып берді.
Британский Квартал ТК
Нұр-Сұлтан
2014
Бас тапсырыс беруші
"Bi Group" компаниясы
Жоба сипаттамасы
«Британский квартал» ТК Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан Қадырғали Жалайыри, Сарқырама, Асқар Тоқпанов көшелері мен Толқынауын бұрылысы шаршысында орналасқан 5 қабатты екі үйден тұрады.
Кешен кірпіштен салынған және 2014 жылы пайдалануға берілген. Сары ғимараттар бүкіл тұрғын үй кешенінің атауын анықтайтын Британдық сәулет стилінде жасалған.
Бұл жоба аясында CVL компаниясы ішкі-сыртқы жылу, желдету, су, кәріз жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізіп, монтаждады.
Нұр-Сұлтан
Club House ТК
Нұр-Сұлтан
Электрон-оптикалық аспаптар шығаратын зауыт
Нұр-Сұлтан
Радуга ТК
Нұр-Сұлтан
Бурлин ТК
Club House ТК
Нұр-Сұлтан
2013
Бас тапсырыс беруші
"Бест-Групп НС" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Club House» атты астаналық кешен эксклюзив жобамен жасалды. Онда клуб типті 8 қабатты үйде 20 пәтерге бір кіреберіс қарастырылған. Монолит-каркас технологиямен, экоблок қаланып, эковермен қымталған. Сыртқы беті травертин және гранитпен қапталған.
CVL компаниясы осы жоба аясында желдету жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізді.
Электрон-оптикалық аспаптар шығаратын зауыт
Нұр-Сұлтан
2013
Бас тапсырыс беруші
"Найза Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Кәсіпорын Қазақстанның тұңғыш президенті мен Түркия президенті арасындағы келісім бойынша құрылған.
Ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмаз қатысып, нысанды аралап көріп, бұйымдардың үлгілерімен танысты.
Зауытта әртүрлі техникада (суасты қайықтарынан бастап ғарыш кемелеріне дейін) қолданылатын электронды платалар шығарылады, оларды тек осында бар арнайы жабдықта ғана өндіруге болады. Сондай-ақ, кәсіпорында инфрақызыл линзалардың жеке өндірісі ұйымдастырылған, оларды өндіру, өңдеу және беткі қабатын көлегейлеу процесі нано деңгейде жүзеге асырылады. Бұл ТМД-дағы осындай сапалы өнім шығаратын алғашқы кәсіпорын.
Осы сипаттағы жоғары деңгейлі өндіріс кезінде ауаны жинау мен сүзудің сапалы жүйесін құру өте маңызды. Бұл шаруаны CVL атқарды.
Радуга ТК
Нұр-Сұлтан
2008
Бас тапсырыс беруші
"Астана Недвижимость" АҚ
Жоба сипаттамасы
Жилой комплекс «Радуга» расположен в престижном и удобном месте Есильского района Астаны, между пр. Кабанбай батыра и Коргалжынским шоссе, за зданием столичного цирка.
Дом построен по монолитно-каркасной технологии и облицован керамогранитом. Оригинальный экстерьер с треугольными окнами на фасаде невозможно спутать с другими жилыми комплексами. Три секции здания имеют высоту 10, 12 и 14 этажей.
Из окон квартир открывается прекрасный вид на Центральный парк, здание столичного цирка, океанариум «Думан», колесо обозрения, на правый и левый берег Астаны.
Компания CVL организовала поставку оборудования для систем отопления в квартирах жилого комплекса. Теперь вместе с красивым видом из окна, у жителей комплекса всегда будут теплые и уютные квартиры.
Бурлин ТК
Нұр-Сұлтан
2008
Бас тапсырыс беруші
"Бурлин Газ Строй" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Бурлин» тұрғын үй кешені елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан ең ірі магистральдардың бірі — Сарыарқа даңғылында орналасқан. Бұл инфрақұрылымы жетілген, болашағы зор аудан. Ғимарат 2007-2008 жылдары пайдалануға берілді. Тұрғын үй 12, 15 және 17 қабатты үш үйден тұрады. Монолит үйдің 12 қабатты бірінші бөлігінде 4 кіре беріс бар. Әр қабатта тек 3 пәтер ғана орналасқан.
Тұрғын үй құрылысын салу барысында CVL компаниясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізіп берді.
Нұр-Сұлтан
«Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» ММ
Нұр-Сұлтан
Туберкулез диспансері
Нұр-Сұлтан
Тараз ТК
Нұр-Сұлтан
Симфония ТК
«Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» ММ
Нұр-Сұлтан
2008
Бас тапсырыс беруші
«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Жоба сипаттамасы
«Денсаулық сақтау басқармасымен» ынтымақтастық шеңберіндегі айтулы жобаларды жалғастыра отырып, 2008 жылы CVL компаниясы психологиялық денсаулық проблемаларының медициналық орталығына күрделі жөндеу жүргізді. Әдеттегідей жұмыс жоғары сапалы болып аяқталды.
Компания мемлекеттің медицина саласы бойынша қолға алынған жобаларына өз үлестерін қосқанын мақтан етеді. CVL компаниясы Денсаулық сақтау басқармасына сенім білдіргені және сенімді серіктес бола алғаны үшін алғысын білдіреді.
Туберкулез диспансері
Нұр-Сұлтан
2007
Бас тапсырыс беруші
«Денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Жоба сипаттамасы
2007 жылы CVL компаниясы «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ сенімді міндеттемелерін орындау аясында нысанға жоғары сапалы күрделі жөндеу жүргізді.
Жұмыстар дәл белгіленген мерзімде басталып, уақытында аяқталды. Денсаулық сақтау Басқармасы компанияның жұмысын жоғары бағалады және жобаның нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.
Тараз ТК
Нұр-Сұлтан
2007
Бас тапсырыс беруші
"Казмонтажстрой" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Тараз тұрғын үй кешені - астананың Алматы ауданындағы Уәлиханов, Омаров, Тараз көшелері мен Абай даңғылының арасындағы орамды алып жатқан ірі кешен.
Тұрғын үй кешені 2007 жылы монолит-карқас технологиясы бойынша салынған, қабырғалары сары түсті керамика кірпішпен қапталған. Үй балконының сырты көк әйнекпен қамталғандықтан алыстан көз тартып тұрады. 5-14 қабатты үйлерден тұратын кешенде үш жүзден астап пәтер орналасқан.
CVL компаниясы сапалы алюминий радиаторлар жеткізіп берумен айналысты.
Симфония ТК
Нұр-Сұлтан
2005-2009
Бас тапсырыс беруші
"АБК Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Симфония» — Есілдің бойынан бастау алатын Сарыарқа даңғылы бойындағы 23 қабатты үй. Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан.
Кешен монолит-каркас технологиясымен 2009 жылы салынған. Қабырғалары — пеноблокпен қаланып, сырт жағы керамогранитпен әрленген. 23 және 25 қабаттан тұратын қос мұнара кейіпті кешеннің стилобат бөлігі ортақ. Бірінші қабатта коммерциялық бөлмелер, жертөле қабатында — паркинг.
Бұл ТК салу барысында CVL компаниясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізіп берді.
Нұр-Сұлтан
Номад ТК
Нұр-Сұлтан
Мирас ТК
Нұр-Сұлтан
Дуэт ТК
Нұр-Сұлтан
Эдем Палас ТК
Номад ТК
Нұр-Сұлтан
2005-2009
Бас тапсырыс беруші
"АБК Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Номад» ТК — коммерциялық үй-жайлар және паркингпен біріктірілген ірі тұрғын үй кешені. Астананың Есіл ауданында Сығанақ және Сауран көшелерінің қиылысына жақын орналасқан.
Кешен монолит-каркас технологиясымен, 14 қабатты, «С» әрпіне ұқсатып салған. Ғиматтың жертөле бөлігі сплитер блоктармен әрленген, сыртқы бетіне керамогранит пен әйнекті витраждар көрік беріп тұр. Дегенмен, аула жағындағы керегеде керамогранит плиталары жапсырылмай, көзге жайлы түстермен боялған.
Бұл ТК салу барысында CVL компаниясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізіп берді.
Мирас ТК
Нұр-Сұлтан
2005-2009
Бас тапсырыс беруші
"АБК Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
Көп пәтерлі, 16 қабатты «Мирас» тұрғын үй кешені коммерциялық бөлмелерге де кенде емес. Астананың Алматы ауданында күйші Дина мен Абылай хан даңғылы қиылысында орын тепкен.
Доғалдау формада салынған үй монолит-каркас технологиясы бойынша тұрғызылған. Арасына құммен толтырылған және қымталған. Сыртқы қабаты сары және қызыл кірпішпен өрілген Қабырғаның қалыңдығы — 44 см.
Бұл ТК салу барысында CVL компаниясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізіп берді.
Дуэт ТК
Нұр-Сұлтан
2005-2009
Бас тапсырыс беруші
"АБК Құрылыс" ЖШС
Жоба сипаттамасы
«Дуэт» тұрғын үй кешені ескі қаланың орталық бөлігінде, елорданың Алматы ауданында, Отырар, Торайғыров, Ғабдуллин мен Кенесары көшелерінің қиылысында орналасқан.
ТК 2005 жылы пайдалануға берілді. 12 қабаттан тұратын екі үй Торайғыров пен Ғабдуллин көшелерінің бойына түзу орналасқан. Бұл - аула аумағының жақсы оқшаулануын қамтамасыз етеді.
Аталған құрылыс барысында CVL компанясы жылу жүйелеріне арналған жабдықтар жеткізді.
Эдем Палас ТК
Нұр-Сұлтан
2003-2009
Бас тапсырыс беруші
"Астана Трейд Интернейшнл" АҚ
Жоба сипаттамасы
«Эдем Палас-1» және «Эдем Палас-2» тұрғын үй кешендері астананың Алматы ауданында, Кенесары мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан.«Эдем Палас-1» кешенінде 16 қабатты алты үй бар. Жалпы пәтер саны – 432. «Эдем Палас-2» кешені алты блоктан (17-21 қабатты) тұрады. Жалпы пәтер саны – 400-ден асады.
CVL компаниясы жылу, желдету, сумен қамту және кәріз жүйелерін монтаждады.
Нұр-Сұлтан
Алтын ТК
Алтын ТК
Нұр-Сұлтан
2003-2009
Бас тапсырыс беруші
"Астана Трейд Интернейшнл" АҚ
Жоба сипаттамасы
Бұл кешен халық арасында сыртқы қабатының түсіне қарап «алтын үй» аталып кеткен. Әрі, бұл үй пайдалануға берілген 2003 жылы тұрғын жайдағы пәтерлер ең қымбат, тек ауқатты жандардың ғана қолы жететін баспана болып тыныстырылғаны да есте.
Қабырғасы кірпіштен қаланған, «Г» әрпі формасында доғал болып салынған 9-11 қабаттан тұратын бірнеше секциядан тұрады. Шатырдың бір бөлігінде нағыз жазғы бақ жасалған.
CVL компаниясы бетон құю және әрлеу жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізіп берді.